Оралда жанармай бағасы рекордттық көрсеткішке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жанармай бағасы рекордттық көрсеткішке жетті

Оралда жанармай бағасы рекордттық көрсеткішке жетті

Тапшылық кезінде пайда табуды көздеген бірнеше жанармай құю бекеті бензинді 150-160 теңгеге көтеріп жіберген. Енді бекет қожайындары жауапқа тартылмақ. Сондай-ақ, ұрымтал сәтті пайдаланып, ішкі нарықтағы отынды сыртқа таситындарға да қатаң шара қолданылып жатыр.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 357
Фото - Caravan.kz


Рысбай Өтешев,  БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы:

— Бізге тапсырма берілді. Біздегі арзан бензин Ресейге шықпасын деген. Моноторинг жасап отырмыз. Күнделікті қанша вагон келіп жатыр, кімге келіп жатыр, қайда сатып жатыр. Соның бәрін күнде таңертең облыс әкіміне тізімін  береміз.

Дегенмен, сарапшылар елімізде тапшылық әлі біраз уақытқа созылады деп отыр. Өйткені, мемлекеттік қорда небәрі 160 мың тонна бензин қалған. Жоқ іздеп шарқ ұрған тек оралдықтар ғана емес, еліміздің басым бөлігінде жүргізушілер бірнеше күннен бері бензин іздепкөше кезіп кеткен. «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы шұғыл түрде еліміздегі 20-ға жуық жанармай бекетін газ толтыру бекетке айналдырмақ. Ал бұған дейін Энергетика министрі Владимир Школьник жүргізушілерді бензинді үнемдеп тұрғындарды жұмысқа бір көлікпен қатынауды сұраған болатын .