Назарбаев пен Рухани өзара мұнай айырбастауға келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев пен Рухани өзара мұнай айырбастауға келісті

Назарбаев пен Рухани өзара мұнай айырбастауға келісті

Дүниежүзіндегі «қара алтынға» бай мемлекеттің басшылары бүгін Астанада осындай алыс-беріс жасауға уағдаласты. Мәселе шикі мұнай жөнінде. Елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Иран президенті «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» бағытындағы теміржол желісінің құрылысын тездетуді де сұрай келген. Өйткені, Теһран Қазақстанның шикі мұнайына ғана емес, бидайына да  зәру.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 775
Фото - Caravan.kz

Иран президентінің сапары кеше басталуы керек болатын. Бірақ ол бірнеше мәрте кейінге шегерілді. Кешігіп жеткен Хасан Руханидің ұшағы Астана әуежайына түнделетіп келіп қонды. Халықаралық протоколға сай мәртебелі мейманды Сыртқы Істер министрі бастаған топ күтіп алып, ертеңіне әріптесін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев барлық-сән салтанатпен  қабылдады.

— Ассалаумағалейкүм

-Ассалаумағалейкум

— Қош келдіңіз!

Бір жыл бұрын таққа отырған 66 жастағыХасан Рухани Орталық Азияға сапарын Қазақстаннан бастап отыр. Махмұд Ахмадинежад секілді зілді мәлімдемелерден бойын аулақ ұстайтын байсалды саясаткер. Бірақ мойнына артылған жүк үлкен. Ядролық қару, Батыстың санкциясынан құтылып мәмілеге келу, көрші Сирия мен Ирактағы соғыс сыртқы саясатты сақ жүргізуге мәжбүрлейді. Бұл тақырыптарды осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевпен үш рет талқылаған.Сондықтан төртінші кездесуде еркін сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Биыл біздің тәуелсіздігімізге 23 жыл  болады. Осы аралықта Қазақстан Иранмен барлық қатынасын жақсы сақтап келеді. Біз Иранның жағында болдық әруақытта. Екі елдің арасында жалпы өмірде өте үлкен болашақ бар деп санаймын.

Рухани Астанаға негізінен металл, бидай мен шикі мұнайүшін келді.Соңғы жылдары тоқтап қалған бұл операциялар бойынша Қазақстан шикі мұнайын Иранның жанармайға тапшы солтүстігіне жеткізеді. Ал Теһран оның есесіне, сондай мөлшердегі мұнай өнімін Қазақстанның атынан Парсы шығанағына шығарады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сауда саттықты төмендетіп тұрған көлік  саласының дамымауы. Биыл Қазақстан-Түркіменстан-Иран арасындағы теміржол ашылатын болады
.

Екі айдан соң ашылатын осы теміржол желісі арқылы Парсы шығанағына тасымалданатын бидай көлемі бес есеге артпақ. Оның үстіне қазір Қазақстан  Каспийдегі Иранға тиесілі аумақтан жаңа терминалдар тұрғызып жатыр.  Бұдан Теhран  ұтылмайды, есесіне Қытай мен Ресей нарығына тікелей шыға алады.

Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті:

-Бүгінгі келіссөздеріміз өте нәтижелі болды. Экономикалық байланысты айтпағанда, экстремизммен де бірігіп күресуге уағдаластық. Қазақстан-Түркіменстан-Иран бағытындағы теміржол желісінің аяқталауына біз мүдделіміз. Бұл Каспий теңізін Парсы шығанағымен байланыстырып, сауда саттық көлемінің артуына әкеледі.

-Назарбаев пен Руханидің кездесуінде Иранның ядролық қару  жасау мәселесі сөз болмай қалмады. Ресми Астана Теһранның атомды бейбіт мақсатта қолдануын қолдайды. Сондай-ақ, қос президент бизнес форумға қатысып, екі елдің кәсіпкерлері 500 миллион доллардың келісіміне қол қойды. Өте ауқымды делегациямен келген Ислам мемлекетінің басшысы бүгін тығыз кетесінен уақыт тауып, Назарбаев университетінің студенттеріне де дәріс оқып үлгерді.