Екеуі де iOS 8.1 операциялық жүйесімен жұмыс істейді.
iPad Air 2 алдыңғы моделіне қарағанда 18% жұқарып, оның қалыңдығы небары 6,1 мм болып шыққан. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл қазіргі таңда әлемдегі ең жұқа планшет саналады.
Қос модель де АҚШ пен Еуропа елдерінде бір аптаның ішінде таралып болады. Ал Ресейде сатылым тек қазан айының соңында басталады.