Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Біріккен Араб Әмірліктерінде 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды. Бұл шешімді елдің министрлер кабинеті қабылдады, деп хабарлайды Wam агенттігі.
Жаңа ережеге сәйкес, 15 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желілерде жеке аккаунт аша алмайды және пайдалана алмайды. Шектеу контент жариялау, пікір қалдыру және ашық топтарға қатысу сияқты функцияларға да қатысты.
15-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді қолдануға рұқсат етілгенімен, олардың аккаунттарына қосымша шектеулер енгізіледі. Платформалар кәмелетке толмағандар үшін бейтаныс қолданушылармен байланыс мүмкіндігін шектеуге және ата-аналық бақылау құралдарын ұсынуға міндеттеледі.
Сонымен қатар, БАӘ билігі пайдаланушылардың жасын анықтайтын сенімді жүйені енгізуді талап етті. Ол үшін цифрлық сәйкестендіру, биометриялық технологиялар және жасанды интеллект құралдарын қолдану көзделіп отыр. Кәмелетке толмағандардың деректері коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
Жаңа талаптардың орындалуын мемлекеттік реттеуші органдар қадағалайды. Ережені бұзған платформаларға шектеу немесе бұғаттау шаралары қолданылуы мүмкін. Компанияларға жаңа жүйені енгізу үшін 12 ай уақыт берілді.
Айта кетейік, ұқсас бастамалар басқа елдерде де талқыланып жатыр. Мәселен, Ұлыбританияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге шектеу енгізу мәселесі көтерілген.