Қаржы полициясы бастығының орынбасарын өлтірген қылмыскерлер сотталды -СҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы бастығының орынбасарын өлтірген қылмыскерлер сотталды -СҚО

Қаржы полициясы бастығының орынбасарын өлтірген қылмыскерлер сотталды -СҚО

Жұма күні Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған аудан аралық соты аймақтық қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Жандос Ахметовты өлтірген қылмыскерлерге үкім кесті.

  • 17 Қазан 2014
  • 396
Фото - Caravan.kz

Сотталушылардың екеуі Абулэдир Жамалдиев пен Павел Ковалев Ресей азаматтары, Бинали Хукиев Қазақстан азаматы.

Сот А.Жамалдиевті адам жалдап, қылмысты ұйымдастырды, айуандықпен кісі өлтірген топқа жетекшілік етті және заңсыз қару ұстады деп танып, 24 жылға бас бостандығынан айырды.

Тапсырысты тікелей орындаған П.Ковалев 22 жылға кесілді.

А.Жамалдиев пен П.Ковалевтің мүлкі тәркіленетін болды.

Қаскөйлерді қарумен, көлікпен және пәтермен қамтамасыз еткен Б.Хукиев болса 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол 926 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.


Бұрын хабарланғандай, Ж.Ахметов өткен жылы желтоқсан айының соңында Петропавлдағы үйінің кіреберісінде өлтірілген болатын.