Шағын алаңқайдың айналасындағы ағаштарға сары орамал тағып оны қанмен бояп қойған. Қоңыраулар іліпті. Ал ортаға малдың сүйектерін үйіп тастаған. Бас сүйектерге қанмен крестің суретін де салыпты. Соған қарағанда бұл жерде құрбан шалынған деп топшылайды еріктілер. Олар бұл рәсімді сатанисттердің қылықтарына ұқсатуда. Із кесушілер істің мән-жайын тексеру үшін тәртіп сақшыларына хабар берді.