Әсіресе, қала сыртындағы ауылдардан қатынап жұмыс істейтіндер үшін қиын. Шахарға апаратын жалғыз көпірден өте алмай қиналған көліктер бірнеше шақырымға созылатын кептеліс тудырып шұбырған кезектің кесірінен жұрт жұмыстарынан қалып жатты. Қысқы доңғалақтарын салып үлгермегендер құм себілмеген жолда тайғанақтап, өткелге шыға алмай қиналды. Қазір көліктердің дені сол доңғалақты ауыстыратын орындарға кезекте тұр. Қар еріген соң ойқы-шойқы жолдарда қозғалыс тіптен қиындауы мүмкін.