Қырғызстан біржыныстылықты насихаттайтын «көгілдірлерге» қарсы белсенді күресті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан біржыныстылықты насихаттайтын «көгілдірлерге» қарсы белсенді күресті бастады

Қырғызстан біржыныстылықты насихаттайтын «көгілдірлерге» қарсы белсенді күресті бастады

Қырғызстанның өткен аптадағы айтулы қоғамдық-саяси оқиғаларының бірі біржыныстыларға толерантты қарауды таңып отырған батыстың демократиялық институттарына қарсылық танытқан қоғам белсенділерінің әрекеті болды. 

  • 20 Қазан 2014
  • 277
Фото - Caravan.kz

Жақында Бішкектегі түнгі клубтардың бірінде жергілікті жастар ер адамдардардан құралған украиналық «The Kazaky» би тобына өз «өнерін» көрсетуге жол бермеді. 100-ге жақын жастар дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтауға үндеп, бір жыныстылардың әрекетіне ашық қарсылық танытты. Қарсылық акцияға байланысты ерекек бишілердің кешін ұйымдастырушылар оны тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кету керек, бірнеше күні бұрын Қырғыз Республикасының Жоғары Кеңеш депутаттары АҚШ елшілігінің қарсылығына қарамастан «гей-насихатқа» қарсы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған болатын.