Al Jazeera хабарлағандай, болжам бойынша бұл оқиғаға «Одақтық демократиялық күштер — Уганданы азат етудің ұлттық армиясы» радикалды тобы мүшелерінің қатысы бар. Алайда жергілікті биліктегілердің басқаша айтып отыр. Бутембо қаласы мэрінің пікірінше, шабуыл жасағандар қарақшылар болған.
КДР-да тұрақсыз жағдай сақталуда. Қазір елде 18,5 мың әскери қызметкер мен MONUSCO-ның 500 әскери бақылаушысы, сонымен бірге, 1,5 мың полицей бар. Бітімгерлер елді жайлаған түрлі әскери топтармен күресуде.