«Ислам мемлекеті» қатарында Орталық Азияның 4 мыңға жуық азаматы соғысып жатыр – сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ислам мемлекеті» қатарында Орталық Азияның 4 мыңға жуық азаматы соғысып жатыр – сарапшы

«Ислам мемлекеті» қатарында Орталық Азияның 4 мыңға жуық азаматы соғысып жатыр – сарапшы

Жиырма жылдан астам уақыттан бері халықаралық деңгейдегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын канадалық сарапшы Рафал Рогозинскийдің пікірінше,

  • 20 Қазан 2014
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Ислам мемлекеті» қатарында Орталық Азияның 4 мыңнан астам азаматы соғысып жатыр.

«Сирия мен Иракта соғысып жатқан жасақтар туралы мәліметті біз әртүрлі дерек көздерінен, Интернеттен аламыз. Олардың басым көпшілігі суретке түседі, видеоларын салады. Олар жасырынбайды. Желідегі мәліметтерді жинап, есептейтін болсақ, 4 мыңға жуық орталықазиялық соғысып жатыр деуге болады», — дейді Р.Рогозинский «Мегаполис» басылымының дүйсенбідегі санында жарияланған сұхбатында.

«Бұл Қазақстан үшін үлкен проблема. Ол жігіттер еліне қайтып оралады. Өйткені, «Ислам мемлекетінің» амбициясы Сириямен, Иракпен шектеліп қалмайды. Олардың мақсаты – халифат құру және оған Қазақстан да кіруі керек. Бұл Қазақстан үшін үлкен проблема», – дейді Р.Рогозинский.

Сарапшының ойынша, терроризмге қарсы күрес – бір ғана тараптың міндеті емес.


«Жекелеген мемлекет өз мүддесін қорғай алады. Бірақ, күресті күшейту үшін халықаралық бірлестік қажет. Бұл «Ислам мемлекеті» қатарында соғысып, үшінші елдер арқылы отанына қайтып оралғандарға ықпал етуге көмектесер еді. Бұл экстремистерді бір жерге шоғырландыратын үгіт-насихатты төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл мәселеге бүгінгідей тек тактикалық қана емес, стратегиялық тұрғыдан қарау қажет», – деп атап өтті ол.

Сарапшының пікірінше, 4 мың жасақ – үлкен көрсеткіш және ол алдағы уақытта арта түспек.