ІІМ 2015 жылы сотталғандарды біртұтас тіркеу жүйесін енгізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ 2015 жылы сотталғандарды біртұтас тіркеу жүйесін енгізбек

ІІМ 2015 жылы сотталғандарды біртұтас тіркеу жүйесін енгізбек

2015 жылы Қазақстанда сотталғандар мен тергеуге алынған азаматтарды тіркейтін орталықтандырылған электронды мәліметтер базасы іске қосылады.

  • 20 Қазан 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

«Келер жылы ақпараттық жүйені пысықтап, іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол орталықта да, жергілікті жерлерде де сотталғандарды бір түрмеден екіншісіне ауыстыру мен мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың заңдылығын онлайн режимінде бақылап отыруға мүмкіндік береді», — деді ол дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет сағатында».

Министрдің айтуынша, «жалпы, бұл жүйе жазасын өтеп жатқан тұтқындарға қатысты шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, жемқорлықты азайтады».

Әзірге, «біздегі қылмыстық-атқару жүйесі заманауи технологиялар мен автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйелерін енгізу жағынан ең артта қалған сала болып қалып отыр» деді бас полицей.

«Мұнда әлі күнге дейін сотталғандардың жүріс-тұрысы карточкалық есеп арқылы бақыланады, олар туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және сақтау процесі автоматтандырылмаған», — деді ол.


Қ.Қасымовтың айтуынша, ақпараттық жүйе құру жұмыстары биылғы жылдың басында басталып та кеткен. «Бұл арнайы есеп жүргізетін бөлімшелердің 1600 қызметкерінің жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді», одеп атап өтті министр.

Үкімет аталған жобаны жүзеге асыру үшін 2014-2015 жыл бюджетінен 615 млн теңге бөлді.