Петропавлда маскүнемдер мен нашақорлар жаппай қамалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда маскүнемдер мен нашақорлар жаппай қамалып жатыр

Петропавлда маскүнемдер мен нашақорлар жаппай қамалып жатыр

Петропавлда көлік жүргізу құқығынан айрылған маскүнемдер мен нашақорлар заңға пысқырар емес. Құжатсыз темір тұлпар тақымдаған оларды сот енді шетінен 20 тәулікке қамап жатыр. 

  • 21 Қазан 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz


— Гришин,жолдас былтыр есірткі шегіп арақ ішіп рөлге отырғаныңыз үшін ұсталғансыз.  

Мына 38 жастағы азамат наркологиялық диспансерде есепте тұрса да, көлік тізгінен түскен емес. Судьяны алдаймын деген ойынан түк шықпаған ол 20 тәулікке қамауға алынды. Өзі сияқты 57 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны да сол күні темір торға тоғытылды. Мас күйде көлік жүргізген оның құжаттары  әлдеқашан жарамсыз болып қалған екен.