Нақтыласақ, 40 жастағы Обути миллиондаған йеньді сайлау алдында әзірленген театрланған қойылымдарға жұмсапты. Министрдің бұл әрекетін билік заңсыз дауыс иеленуге жасалған қадам деп қабылдап отыр. Сондықтан бүгін қаржыны бейберекет шашқан Қаржы министрі өз еркімен отставкаға кетуге арыз түсірге мәжбүр болған. Десе де кейбір БАҚ беттерінде Юко Обутидің кетуіне оның мемлекет қаржысын жеке басына жұмсауы себеп болған делінуде. Яғни, министр қазынаға қол сұғып, миллиондаған сомаға туыстарына дүние-мүлік алып берген көрінеді. Обути Жапония Үкіметінің қатарына таяуда ғана қосылған 5 әйел министрдің бірі еді.