Оралда жантүршігерлік апат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жантүршігерлік  апат болды

Оралда жантүршігерлік апат болды

Осы Оралда жантүршігерлік жол апаты болды. Түн ортасында кісіге лық толы жеңіл көлік «Камазбен» оңбай соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің ішінде отырған балалы келіншек сол жерде көз жұмды.

  • 21 Қазан 2014
  • 247
Фото - Caravan.kz


Ал бір жасар сәбидің бас сүйегі жарылып, ес-түсінен айырылған. Ладаның жүргізушісі мен қалған 2 жолаушының да аяқ-қолдары сынып, дереу ауруханаға жеткізілді. Ал жүк көлігінің жүргізушісіне түк болмаған. Жол ережесін де бұзған сол екен. Ол «Камаз»-ымен рұқсат етілмеген жерден бұрылған. Сол мезетте жеңіл көлік бүйірінен кіріп, шашылып кетіпті. Зардап шеккен жолаушылардың туыстары «Камаз» жүргізушісін оқиға орында өздері жазаламақ болған. Араға ақыры полицияға араласуға тура келді.