Қарқаралы әкімі Нұрлан Батырбеков ұлының кесірінен еңбек демалысына кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарқаралы әкімі Нұрлан Батырбеков ұлының кесірінен еңбек демалысына кетті

Қарқаралы әкімі Нұрлан Батырбеков ұлының кесірінен еңбек демалысына кетті

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының әкімі Нұрлан Батырбеков ұлының кесірінен еңбек демалысына кетті.

  • 30 Қазан 2014
  • 1021
Фото - Caravan.kz

«Әкім аяқ асты төленбейтін еңбек демалысына кетті, Бұл көліктің көзін жойып, қасақана адам өлтірмек болған деп күдік тағылған ұлына қатысты болып отыр», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін әкімдіктің кадрлар бөлімі мәлімдеді.

Бұрын хабарланған, Қарқаралының екі тұрғыны бірнеше күн бұрын кісі өлтірмек болған деген айыппен ұсталды. Олар жанармай құю бекетінде көлік иесімен кикілжіңге келіп қалған. Керісу кезінде олар көлік иесін домкратпен басынан ұрған. Есін жоғалтқан жүргізушінің өлдіге балаған екеу оны өз көлігінің артқы жүк салғышына салып, орманға апарған. Ол жерде көлік иесін тыржалаңаш шешіндіріп, қурай арасында қалдырған да, көлігін өртеп жіберген.

Зардап шеккен көлік иесі есін жиып, жолға шыққан да жол-жөнекей кетіп бара жатқан көлік жүргізушілерінен көмек сұраған. Олар ер адамды қалалық ауруханаға жеткізген.


Ұсталғандар кінәсін мойындап, орманда көлік иесінің басынан домкратпен тағы ұрағандарын айтқан. Екі қылмыскердің үстіен «кісі өлтірмек болған» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.