"Алла ұлық": Сәкен Майғазиев тұңғыш немересіне қандай есім қойғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алла ұлық": Сәкен Майғазиев тұңғыш немересіне қандай есім қойғанын айтты

"Алла ұлық": Сәкен Майғазиев тұңғыш немересіне қандай есім қойғанын айтты

Әнші Сәкен Майғазиев тұңғыш немересіне қандай есім қойғанын жариялады.

  • 18 Маусым
  • 3
Instagram/saken_maigaziyev

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«АЛЛА ұлық! Әдиямның аман-есен аяқ-қолын бауырына алғанына шексіз шүкірлік етемін. Құттықтауларыңыз бен ақ тілектеріңізге мың рахмет! Бізге не тілесеңіздер АЛЛА тағала өздеріңізге еселеп берсін. 
Анашымды шөбересімен құттықтай келгем. «Шөбереңіздің атын өзіңіз қоясыз ба?, — десем, «Өздерің қалаған есімді қойыңдар, батамды бердім, разымын», — дейді.

Отбасымыз таңдаған 7-8 есімді бір жариялап көрейін: «Әйбике», «Әйкен», «Ақнәзік», «Бөрте», «Айым», «Әсел», «Әсем», «Әдемі», «Әдемау»… Сіздер қандай есім ұсынар едіңіздер?», — деп жазды ол.