Валюталық түзету енгізуге, теңгенің құнсыздануына еш себеп жоқ - Қ.Келімбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Валюталық түзету енгізуге, теңгенің құнсыздануына еш себеп жоқ - Қ.Келімбетов

Валюталық түзету енгізуге, теңгенің құнсыздануына еш себеп жоқ - Қ.Келімбетов

Валюталық түзету енгізуге, теңгенің құнсыздануына еш себеп жоқ.  Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

  • 30 Қазан 2014
  • 582
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда тіпті ресейлік рубльдің қазақстандық теңгеге қатысты партитеті өзгерген. Егер, бұған дейін ол 4,5-5,5  дәлізінде болса, қазіргі уақытта 3,5-4,5 дәлізінде тұр және бұл тұрғыдан алып қарағанда теңгенің нығая түсуі де мүмкін.

«Біз қандай да бір валюталық түзету енгізуге, құнсыздануға мүмкіндік беретін ешқандай да қосымша себеп қарастырып отырған жоқпыз. Алаңдауға еш негіз жоқ», — деді Қ.Келімбетов.

Төрағаның сөзіне қарағанда, Ұлттық банк ақпан айында жүргізген валюталық түзетуі қоры мығым. Бұған қоса, Қазақстанның 104 млрд. доллар көлеміндегі халықаралық резерві де экономиканың  тұрақты болуына өз септігін тигізеді.