Телехикая мен поп-музыка әдебиет пен театрды ығыстырып барады - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Телехикая мен поп-музыка әдебиет пен театрды ығыстырып барады - сарапшы

Телехикая мен поп-музыка әдебиет пен театрды ығыстырып барады - сарапшы

Телехикаялар мен поп-музыка әдебиет, театр, бейнелеу өнері сияқты өнер түрлерін ығыстырып барады.

  • 30 Қазан 2014
  • 1136
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен жиналыста Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева айтты. Оның мәліметінше, институт жүргізген әлеуметтік сауалнамаға еліміздің түкпір-түкпірінен 1200-ден астам адам қатысқан.

"Бүгінде қазақстандықтардың 85%-ы қолдары қалт етсе музыка тыңдауға әуес. Олар қазақстандық әншілермен қатар шетелдік поп-музыканың жаңалықтарынан да шет қалмайды. Ал сауалнамаға қатысқандардың 15 пайызы тек шетелдік музыканы тыңдайды.

Қазақстандықтар арасында отандық фильмдер көп көріледі екен. Респонденттердің 83 пайызы отандық киноларды қарайтынын айтса, 16 пайызы мүлде көрмеген болып шықты", — дейді маман.

Оның айтуынша, қазақстандық телехикаялар да көрермендер арасында үлкен сұранысқа ие.


"Мәдениет салаларының ішінде бүгінде әдебиет, музей, кітапхана, театр сияқты жанрлар ақсап тұр. Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың көп бөлігі қазақстандық жазушыларды мүлде оқымайтынын айтты. 58% респондент музейлерге мүлде бармайды. 69%-ы қазақстандық авторлардың театрлық қойылымдарын мүлде көрмеген", — дейді Ж. Құсманғалиева.