Екінші деңгейлі банктердің «нашар кредиттер» проблемасын шешуге 500 млрд теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екінші деңгейлі банктердің «нашар кредиттер» проблемасын шешуге 500 млрд теңге бөлінеді

Екінші деңгейлі банктердің «нашар кредиттер» проблемасын шешуге 500 млрд теңге бөлінеді

2016 жылға дейін еліміздегі екінші деңгейлі банктердің «нашар кредиттер» проблемасын шешіледі, осы мақсатқа 500 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы бүгін Сенатта «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. 

  • 30 Қазан 2014
  • 793
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банк басшысының айтуынша, дағдарыс салдарынан туындайтын құбылыстың бірі — екінші деңгейлі банктер тарапынан экономиканы кредиттеуді азая түскен. Егер дағдарысқа дейінгі кезеңде банктердің кредиттік портфелі 30-дан 50, тіпті кейде 80 пайызды құраса, қазір бұл көрсеткіш 10 пайыздан да аспайды.

«Осының өзі «нашар кредиттер» көрсеткішінің деңгейі жоғары екенін білдіреді. Жалпы, еліміздегі банк секторының несие портфеліндегі «нашар кредиттер» 30 пайызға жуық. Ал халықаралық стандарттар бойынша бұл 10 пайыздан аспауы керек, әйтпесе елдің банк секторы күрделі жағдайға тап болуы ықтимал. Сондықтан да, банктерге «нашар кредиттер» көрсеткішін 2014 жылдың соңына дейін 15, 2015 жылы 10 пайызға дейін төмендету міндеті жүктелді», — дейді Қ. Келімбетов.

Бұл ретте бас банкир қазақстандық банктер негізінен бұл талапқа жауап бере алатынын, алайда кейбір банктерде жаһандық дағдарыс кезеңінен бері проблемалар қордаланғанын атап өтті. Мәселен, «БТА Банк» пен «Альянс Банк» екеуін қоса алғанда «нашар кредиттері» көрсеткіші 60 пайызды құрап, оның ауқымы 4 трлн. теңгеге дейін жеткен.


«Осыған орай, Ұлттық банк аталған банктерге ағымағы жылы 250 миллиард, келесі жылы 250 млрд теңге бөлуді қарастырды. Осылайша проблеманы шешуге болады және 2016 жылға қарай Қазақстанның банк секторында «нашар кредиттер» үлесі 10 пайыздан төмен түседі, бұл өз кезегінде еліміздің инвестициялық климатына жағымды әсер етпек», — дейді ҰБ төрағасы.