-Бісімілла деп бастайын,
Маңғыстауда – Ер Бекет.
Аталы сөзден қашпайын,
Жетісуда – Райымбек
Осы біздің айтыстың
Бата беріп басын мұжыған –
Сүйінбай мен Құлмамбет…
Айтыскер ақын 2004 жылы жол апатынан қаза тапқан еді. Артында жары мен екі перзенті қалды. Кейін бұл отбасында тағы да қайғылы жағдай болды. Отызға толмай қыршынынан қиылған ақынды «Сағындым сені» деп жоқтаған әнші жары Ажар Түзелбекқызының да соңғы демі қара жолда үзілді. Осылайша, киелі өнер табыстырған қос жұлдыздың ажалы да ұқсас келді. Бүгін оларды еске алған жақындары мен достары Оразалы мен Ажардың әруақтарына арнап ас берді. Жиынға қос қыршынның балалары Нұрайша мен Нұрсұлтан да келген. Ал аға буын өкілдері тірі кезінде ақынның қадірін біле алмадық дейді.
Жүрсін Ерман, ақын:
—Оразалының тектілігі, кісілігі, кішіпейілділігі, осының өзі бір ерекше қасиет. Біз қазақ ант ұрған халықпыз. Әр нәрсенің қадірін уақытында білмейміз да қолдан сусып шығып кеткен соң өкініп отырамыз. Осы сөзім Оразға да тап келеді. Ол сахнада дүрілдетіп өнер ашып жүргенде қадірін көп адам біле қойған жоқ. Енді келіп бүгін санымызды соғып отырмыз.