Көкшетау қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиев қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиев қайтыс болды

Көкшетау қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиев қайтыс болды

Көкшетау қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиев кенеттен  қайтыс болды.

  • 31 Қазан 2014
  • 712
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қала әкімінің қызметкерлері мәлім етті.

Әріптестерінің айтуынша, марқұм Жомарт Нұрғалиев кеше кешкісін қайтыс болған көрінеді. Сол күні Көкшетауда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай шығармашылық ұжымдардың облыстық байқау-фестивалі аясында өткен гала-концертке қатысқан ол кенет жүрегі ауырып тұрғанын айтып, үйіне кетіп қалған. Кейін жедел жәрдем көмегін шақырған көрінеді. Алайда, дәрігер ажалға араша түсе алмады.
Қазіргі кезде марқұмның денесін туған жері — Қостанай облысына жеткізу жұмысы қолға алынды.
Еске сала кетсек, Жомарт Нұрғалиев ағымдағы жылдың 5 маусым күні Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалған еді. Өкінішке қарай, марқұм бес ай ғана қызмет істеді. Осы аз ғана уақыттың ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты.
Жомарт Мирасұлы Нұрғалиев 1958 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1981 жылы Қостанай педагогика институтын тарих және қоғамтану мамандығы бойынша бітірген. Қостанай облысының комсомол, партия және мемлекеттік органдарында әр түрлі басшылық қызметте істеді.
2012 жылғы 13 ақпаннан бастап 2014 жылдың 5 маусымына дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі қызметін атқарды. Ол "Құрмет" ордені, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталған.  2014 жылдың 5 маусымынан бастап, өмірінің соңғы күніне дейін Көкшетау қаласының әкімі қызметін атқарды.



Gazeta.kz жаңалықтар порталының ұжымы Жомарт Мирасұлының туған-туыстарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Ол кісінің жарқын бейнесі, еліне сіңірген елеулі еңбегі мәңгі есімізде қалады.