Сүт ересек адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сүт ересек адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін

Сүт ересек адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін

Сүтті көп мөлшерде пайдалану сүйек сыну қаупін төмендетпейтінін Швецияда жүргізілген зерттеу көрсетті.

  • 31 Қазан 2014
  • 787
Фото - Caravan.kz

Күніне 3 стақаннан артық сүт ішкен әйелдер шын мәнісінде, оны аз тұтынғандарға қарағанда сүйектерін жиі сындырып алған. Сыну қаупіне сонымен бірге, адамның алкогольді тұтыну мен салмағы да әсер етеді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Ұзақ жылдар бойы дәрігерлер сүтті кальций ретінде пайдалануға кеңес беріп келді. Сарапшылар 1987-1990 жылдар аралығындағы 61400 әйелдің  және 1997 жылғы 45300 ер адамның тамақтану рационын тексеру керек деп шешкен. Содан кейін 20 жылға жалғасқан бақылау кезеңі басталды. Алғашқыда Уппсаль университетінің ғалымдарын адамдардың йогурт, сүт пен ірімшікті жылына қанша тұтынғаны қызықтырды. Сонымен бірге сынық алу мен зерттеуге қатысушылардың арасындағы өлімнің жиілігі есепке алынды.

Нәтижесінде күніне 3 стақаннан артық сүт ішкендер керісінше сыныққа тап болған. Сүтті белсенді түрде ішкен адамдарда сондай-ақ, өлім қаупі жоғары болды.


Ал ферментті азық-түлікте керісінше сыну қаупін азайтады. Мұның бәрі сүт құрамындағы қантқа байланысты, ол ағзаның қартаюын жылдамдатады.