Азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел 10 жылға сотталды - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел 10 жылға сотталды - БҚО

Азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел 10 жылға сотталды - БҚО

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 30 қазандағы үкімімен Б.Шахбазова ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, 10 жылға жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеуге сотталды.

  • 31 Қазан 2014
  • 522
Фото - Caravan.kz


БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Б.Шахбазова азаматтық некедегі күйеуімен арақ ішкен. Содан кейін екеуара туындаған кикілжің үстінде ер адамды орамалмен мойнынан орап, буындырған. Ақыры сонымен тұншықтырып өлтірген.