Бұл туралы корпорация басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Қашқымбаев хабарлады.
«Соңғы жылдары Қазақстан астығын Қытай нарығына шығару бағытында бірқатар табыстарға қол жеткіздік. Маркетингтік жылдың басынан бері, яғни, 2014 жылдың шілдесінен бері корпорация Қытайға 10 мың тонна бидай экспорттады. Қазан-желтоқсан аралығында тағы 20 мың тонна астық жөнелтеміз», — деді ол.