2015 жылдан бастап қазақстандық шенеуніктер құжаттарға қашықтықтан қол қою мүмкіндігіне ие болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылдан бастап қазақстандық шенеуніктер құжаттарға қашықтықтан қол қою мүмкіндігіне ие болмақ

2015 жылдан бастап қазақстандық шенеуніктер құжаттарға қашықтықтан қол қою мүмкіндігіне ие болмақ

2015 жылдан бастап қазақстандық шенеуніктер құжаттарға қашықтықтан қол қоюға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны пайдалана алады.

  • 31 Қазан 2014
  • 517
Фото - Caravan.kz

«Мобильді кеңсе дегеніміз – күнделік, атқарылатын міндеттер, пошта, чат. (…) Ол жұмыс орнына бармай-ақ планшетті пайдалану арқылы хаттарға қол қоюға мүмкіндік береді. Мәселен, мемлекеттік қызметкер, жетекші парламентке немесе үкіметке барар жолда-ақ бұл құжаттарға қол қоя алады», — деп жұма күні «электронды үкіметті» дамытуға арналған жиында Инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, мобильді жұмыс орны ақпараттық қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап береді және ведомстволар басшылары мен қызметкерлері атқаратын жұмыстың тиімділігін арттырады.