Қалада соңғы уақытта орын алған оқиғалардан кейін ата-аналар қорқып қалған. Мәселен, екі апта бұрын жоғалған 5 жасар Темірлан өлі табылса, кеше ғана мектептен қайтып келе жатқан оқушыны біреу күштеп алып кете жаздады. Оның 9 жасар қызды қапсара құшақтап алғанын сол маңда өтіп бара жатқан әйел көріп қойып, соның арқасында жеткіншек аман қалды. Бұл бізге белгілі деректер ғана. Енді полиция қызметкерлері бастауыш сыныпта оқитындармен жеке-жеке тілдесіп, бөгде адамдармен қалай сөйлесу керектігін тәтпіштеп үйретіп жатыр. Қауіпсіздік шаралары үшін мектептерде ашық сабақтар ұйымдастырылуда.
Эльмира Адамбекова, Ақтөбе қалалық ІІБ аға инспекторы:
-Оқушыларға сабақтан соң ата-аналарын күту керектігін, көшеде жалғыз жүруге болмайтынын айтып жатырмыз. Қуыстармен мүлдем жүрмеу керек. Қазір бөгде адамдардың оқушыға тиісіп жатқанын да білсін дедік.