Биыл Қытай кинотеатрларының табысы 28 млрд. юаньнан көп болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Қытай кинотеатрларының табысы 28 млрд. юаньнан көп болмақ

Биыл Қытай кинотеатрларының табысы 28 млрд. юаньнан көп болмақ

Болжам бойынша, биылғы жылы Қытайдағы кинокартиналардың кассалық жиыны 28 млрд. юаньнан аспақ. Яғни, көрсеткіш өткен жылғы табыспен салыстырғанда 30 пайыздан асайын деп отыр, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. 

  • 3 Қараша 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz

Ухань қаласында (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) өтетін «Қытай киноиндустриясы-2014» жәрмеңкесінде осы жылғы қыркүйектің аяғында елдегі кинопрокаттан кассалық жиын 21,95 млрд юаньға жетті, сонымен қатар өткен жылы бұл көрсеткіш 21, 77 млрд юаньды құраған.

Отандық кинокартиналар осы жылдың алғашқы 9 айында 11, 27 млрд. юань жинады, бұл қытайлық кино нарығының 51, 36 пайызын құрайды.

Ағымдағы жылғы қаңтардан бастап, қыркүйекке дейінгі аралықта ҚХР қалаларының негізгі кинотеатрларына 100 млн. юаньнан астам кассалық жиынмен 48 картинаны (25 отандық және 23 шетелдік) қоса алғанда, 230 отандық және шетелдің фильмдері түсірілген.

Қытай кинопродюсерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Ван Фэнлиннің болжамы бойынша, таяу үш жылда Қытай АҚШ-ты басып озып, әлемдегі ірі кино нарығына айналмақ.

Қазір Қытайда кино өндірісі бойынша 2300-ге жуық кәсіпорын бар, олар жылына шамамен 700 фильм түсіреді, осы көрсеткіш бойынша Қытай әлемде АҚШ пен Үндістанды ғана алға оздырып, үшінші орынды иеленеді.