Ол қатерлі жолды жарты сағатта еңсерді: осы уақыт ішінде машықтанған акробат сарқыраманың үстінен 50 метр биіктікте америкалық-канадалық шекараны қиып өтті.
Жүрек жұтқан акробатқа шашыранды сулар мен негізгі арқанның тербелуін бәсеңдететін орнықты кендірдің болмауы аз кедергі келтірген жоқ.
«Бұл ерлікке іштей оқыған дұғамның арқасында қол жеткіздім», — деді Валленда журналистерге берген сұхбатында. — Бастысы, аса зейінділік, жинақылық пен жаттығу қажет», — деп қосты ол.
Аса қызықты да тосын оқиғаны тамашалауға 125 мың канадалық және шамамен 4 мыңдай америкалық көрермен жиналды.