Енді екі полицей тергеу кезінде түрмеде отырулары тиіс. Жезқазғандағы Ішкі істер басқармасының қоймасында бастапқыда 4 тапаншаның жетіспейтіні анықталған. Кейін тексеріс жүргенде, тағы 19 қарудың ізім-ғайым жоғалғаны әшкереленді. Сөйтсе, басқармадағы қаруға рұқсат беретін және тылдық қамтамасыз ету бөлімдерінің екі инспекторы өткен жылдан бері қоймаға өткізілген қарулардың нөмірлерін өшіріп тастап, сатып келіпті.