Томаға-тұйық шенеунік 2006 жылы саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісін өлтіруге тапсырыс берген деп 20 жылға сотталған. Алайда, жыл басында жаңа деректер шығып шулы іс қайта қаралған болатын. Себебі киллер Рустам Ибрагимов Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерін өлтіруге тапсырыс берді деп – Рахат Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевтың есімін атады. Қазір бұл екеуі қашқында жүр. Ал осы жайттан соң Өтембаевқа 13 жыл қайта жаза кесіліп, мерзімі 7 жылға қысқарып шыға келді. Енді Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі, бірнеше күннен соң Астана іргесіндегі түрмеден үйіне оралуы әбден мүмкін.