Астананы басқан тұман тұрғындарды таңқалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананы басқан тұман тұрғындарды таңқалдырды

Астананы басқан тұман тұрғындарды таңқалдырды

Бас қаланы тұман басты! Астана тұрғындары сенбіден бері ауа-райының тосын құбылысына куә болуда.

  • 4 Қараша 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz

Тұман бүгін үшінші тәулік Елорданы тұмшалап тұр. Тіпті аспанмен таласқан ғимараттарды көру мүмкін емес. Ақордадан бастап барлық әкімшілік ғимарат қалың тұманның қоршауында қалды. Табиғаттың тосын құбылысына тек қала қонақтары қуанып жүргендей. Бұл сәтті ұялы телефондарына түсіріп мәз-мәйрам. Есесіне жүргізушілерден маза кеткен. Қалың тұманнан түк көрінбегендіктен көшеде көлік кептелісі көп. Ал интернет қолданушылары тұман басқан Астана фантастикалық кино түсіруге таптырмас орынға айналды деп әзілдеп жатыр. Синоптиктер болса, ерекше құбылысты циклонмен  байланыстырады.


Саида Бердібекова, «Қазгидромет» ММ инженер –синоптигі:

-Бұл тұман дегеніміз жылы ауа массасының суық ауа массасының ауысуына байланысты. Сондықтан обьективті тұман байқалады. Бұл тұман көптеген аймақтарда  байқалады. Қазақстанның солтүстігінде солтүстік батысында, және шығыс бөлігінде, жақын күндері тұман байқауға болады.