Қарағандыда мас келіншек сәбиін 500 теңгеге сатпақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Қарағандыда мас  келіншек сәбиін 500 теңгеге сатпақ болған

Қарағандыда мас келіншек сәбиін 500 теңгеге сатпақ болған

Қарағанды тұрғыны емшектегі баласын саудаға салған. Келіншек 3 айлық нәрестені қала базарына шығарып, 500 теңгеге сатпақ болған жерінде ұсталды.

  • 4 Қараша 2014
  • 240
Фото - Caravan.kz


Жезқазғаннан Қарағандыға қаңғырып келген 30 жастағы мына келіншек ішкіліктен енді ғана есін жинап отыр. Осыдан бірер сағат бұрын ол қала базарының ортасында бөтелкелес досымен бірлесіп, өз нәрестесін саудаға салыпты. Алғашында бағасын 100 мың теңгеге қойып, алушы табылмағасын 500 теңгеге алуын сұрап саудагерлерге қолқа салған. Бассыздыққа шыдамай тәртіп сақшыларын шақырған да солар екен. Бірақ, полиция бөліміне келіп есін жиған келіншек істегенін мойындаған жоқ. Ал 3 айлық Томирис нәр татпай, суықта ұзақ жүріп қалса керек әбден әлсіреген. Денсаулығы дімкәс нәресте бірден ауруханаға жөнелтілді. Шешесін көру көрмеуді енді сот шешетін болады.