Маңғыстау облысында шекарашылар мінген көлік апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында шекарашылар мінген көлік апатқа ұшырады

Маңғыстау облысында шекарашылар мінген көлік апатқа ұшырады

Маңғыстау облысында Шекара қызметінің көлігі апатқа ұшырап, салдарынан 1 сарбаз бен 1 бала қаза тапты.

  • 4 Қараша 2014
  • 207
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға Бейнеу ауданында болған. Камаз автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Сөйтіп, шекарашылар мінген Уаз автокөлігіне соқтығысады. Сол кезде Уаздың ішінде 4 шекара қызметкері мен 2 бала болған. Бұлар – сол сарбаздардың балалары. Қаза тапқандардың бірі –18 жастағы көлік жүргізушісі, екіншісі – 6 жасар бүлдіршін. Бұлардың өліміне себепші болған Камаздың жүргізушісі дін аман. Ал апат кезінде зардап шеккен тағы 3 әскери қызметкер санитарлық авиациямен Ақтауға жеткізілді. 12 жастағы жеткіншек балалар ауруханасына жіберілді. Шекарашылардың біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.


Медет Жиғанғалиев, Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Оған ота жасау жоспарда бар. Сүйегіне жасалынады. Жамбас сүйегіне. Жағдайы тұрақты. Аппараттан алдық. Қазір өзі демалып жатыр.