Сарапшылар тапшылықты жою үшін бензин бағасын тағы өсіруді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшылар тапшылықты жою үшін бензин бағасын тағы  өсіруді сұрады

Сарапшылар тапшылықты жою үшін бензин бағасын тағы өсіруді сұрады

Жанармай тапшылығы мұнайға бай Қазақстанды көршілеріне кіріптар қылып қойды. Үш айдан бері ішкі нарыққа бензин жеткізе алмай әбден әбігерге түскен Үкімет Әзірбайжаннан үміттерін үзген соң, енді Беларусьқа алақан жайып отыр. Энергетика министрлігіндегілер Минскден   жанармай экспортын ұлғайтуды өтініпті. Бірақ, Еуразиялық әрі Кедендік одақтасымыз бірден сұрағанымызды бере салуы екіталай. Салдарынан бензин таппай сенделген жүргізушілер қатары күн санап артуда.

  • 4 Қараша 2014
  • 225
Фото - Caravan.kz

Әзербайжаннан қайыр болмаған соң еліміз енді Беларусьқа үміт артып отыр. Үкімет осы айда кедендегі одақтас көршімізден тасымалданатын бензиннің көлемін бірнеше есеге арттырмақ. Сөйтіп, Бакуден келмей қалған жанармайдың орнын жаппақшы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы:

-Әзербайжандағы  мұнай өнімдері экспортына салынған тиым Қазақстанның жанармай нарығына кері әсер етпейді. Өйткені, қараша айында «ҚазМұнайГаз» Беларусь пен Ресейдің зауыттарынан қосымша 90 мың тонна АИ-92/93 маркалы бензин тасымалдауды жоспарлауда.

Бірақ, Беларусьтің де Әзербайжан сынды бізге бензин сатудан бас тартуы ғажап емес, — дейді сарапшылар. Экономистерінің айтуынша, үш айдан бері жалғасып келе жатқан жанармай тапшылығына бірінші кезекте «ҚазМұнайГаздың» өзі кінәлі. Өйткені, сырттан бензин тасымалдауға құқылы жалғыз оператор жеке компаниялардың да шетелден отын импорттауына мүмкіндік бермей отырған көрінеді. Яғни, елімізде  жанармай нарығы жабық. Сондай-ақ, мамандар бензиннің бағасын  көтергенде ғана  дефициттің жойылатынына сенімді.

Азаматхан Әміртаев, сарапшы:

-Ресейде бензиннің бағасы 1 литрі АИ-92, АИ-93 160 теңге тұрады. Бізде 128 теңге. Ол мүмкін емес, бір экономикалық одақта тұрып бізде төмен болуы. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмектің арқасында баға ұсталып тұр. Дефицит содан болып отыр. Егер бағаны көтерсек, дефицит жойылады.

Бірақ, бұл экономикалық жағынан ғана тиімді шешім екені анық. Ал, әлеуметтік ауыр, қарапайым жұрттың қалтасына салмақ болады. Мамандардың енді бірі «қазіргі жағдай онсыз да бағаны тағы қмбаттату үшін қолдан жасалып отырған жоқшылық»  деп болжайды. Осылайша сарапшылар сәуегейленіп, Үкімет көршілерімізге алақан жайып жүргенде ел ішінде тапшылық қайта ушығып барады. Мәселен, көлігі көп Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Жүргізушілер екі-үш күнде қаладағы қор таусылады екен деп шулап жүр.


-Бензин жоқ. Табу өте қиын. Мына өмір қайда бара жатқанын білмеймін.Адамдар бензин үшін бір-бірін қыратын шығар.

-Жанармайға жауапты Энергетика министрлігіндегілер елді енді не деп жұбататыны белгісіз. Ал, жоқшылық әлі жыл соңына дейін жалғасатын түрі бар. Өйткені, биыл еліміз жалпы 2 жарым миллион тонна бензин өндіріпті. Ішкі сұраныс болса, 4 млн.тоннадаға жуықтайды екен.