Қытайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік құрылады

Қытайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік құрылады

ҚХР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құрылым құрылады. Бұл туралы бүгін Қытайдың орталық бұқаралық ақпарат құралдары елдің бас прокурорының орынбасары Цю Сюецянның сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

  • 4 Қараша 2014
  • 737
Фото - Caravan.kz


«Қытай сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік құрады. Ол тиімді ұйымдастырылып, осы құбылысқа қарсы күресуде Жоғарғы халық прокуратурасына айтарлықтай көмек көрсетеді», — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 1995 жылы ЖХП құрамында құрылған бюроның осы күні сыбайлас жемқорлық қылмысының өсіп бара жатқан фактілеріне тиімді әрекет ету қабілеті аз.

Еске сала кетейік, ҚКП ОК-нің 18-съезінен кейін 2012 жылдың қарашасында басталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кампанияның барысында провинция, министр және жоғары деңгейлі 50-ден астам жоғары шенді шенеунікке қатысты пара алу және басқа да партия тәртібін бұзуға қатысты тергеулер мен сот процестері жүргізілді.