Шетелдіктердің қазақстандық жұмысшылардан көп жалақы неге алатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдіктердің қазақстандық жұмысшылардан көп жалақы неге алатыны белгілі болды

Шетелдіктердің қазақстандық жұмысшылардан көп жалақы неге алатыны белгілі болды

Атырауда өткен Қазақстан, Түркия, Ресей, Норвегия және Әзербайжан елдерінің кәсіподақтар басшылары кеңесінде не себепті шетелдік жұмысшылардың қазақстандық жұмысшыларға қарағанда артық жалақы алатыны түсіндірілді.

  • 4 Қараша 2014
  • 336
Фото - Caravan.kz

«Еуропалық, соның норвегиялық мамандар Қазақстандағы мұнай жобаларында жұмыс істеген жағдайда олардың жалақысына «үшінші әлем коэффициенті» қосылады. Осы коеффициент елімізге шетелден келіп жұмыс істеп жүрген маманның жалақысын отандасымыздың жалақысына қарағанда әлдеқайда жоғары қылады», — деді «Статойл» компаниясының кәсіподақ ұйымының басшысы Гаир Нильсен.

Айта кетейік, бұған дейін Теңіз және Қашаған мұнай кен орындарының қазақстандық жұмысшылары бірнеше мәрте бірдей жұмыс жасай тұрып, шетелдіктердің олардан артық жалақы алатынын мәселе қылып көтерген болатын.