Түрмедегі інісіне ақшаны іш киміне жасырып бермек болған әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмедегі інісіне ақшаны іш киміне жасырып бермек болған әйел ұсталды

Түрмедегі інісіне ақшаны іш киміне жасырып бермек болған әйел ұсталды

Маңғыстау облысының тұрғыны жазасын өтеп жатқан інісіне ірі сомадағы ақшаны заңсыз бермек болған.

  • 4 Қараша 2014
  • 458
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кезекшісі Руслан Қуанғалиев хабарлады.

"Зорлағаны үшін ұзақ мерзімге жаза кесілген інісіне кездесуге келген азаматшаны тексеру барысында, оның іш киімінен ірі көлемдегі қаражат — 900 АҚШ доллары және 12 000 рубль табылды", — деп хабарлады Руслан Қуанғалиев.

Оның айтуынша, бүгін жиналған материалдар сотқа жіберіледі.