деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Ақпаратқа қарағанда, бұл шешімді ІІД тәртіптік комиссиясы қабылдаған, алдында полицияның екі инспекторы қалалық ішкі істер басқармасының сейфінен қарудың 18 бірлігін ұрлап алған болатын, оның ішінде Макаров тапаншасы, оқ-дәрі болған.
Олар кадрлық резервке ауыстырылды, ішкі істер органдарында орын босағанша сонда болмақ.
"Қарудың ұрлануына жол бергендік үшін тағы үш қызметкер жұмыстан босатылған, 9 полиция қызметкеріне сөгіс жария етілген".
Алдында хабарланғандай, өткен аптада ревизиялық тексеріс кезінде аталмыш сейфтен 18 қарудың жоқ болып шыққандығы анықталған. Ол қаруды ұрлады және сатты деген күдікпен лицензия-рұқсат ету жүйесі бөлімінің инспекторы және ІІБ тыл жағын қамсыздандыру бөлімінің инспекторы ұсталған. Екеуі де қамауға алынып, изоляторға отырғызылды.