Кеше сүңгуірлер судан екінші балықшының мәйітін шығарды, бірінің денесі үш күн бұрын табылған болатын, деп хабарлады сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ТЖ департаментінің судан құтқару қызметінен.
Ақпаратқа қарағанда, Күршім ауданының 1981 және1978 жылы туылған екі тұрғыны көлге балық аулауға 30-қазанға қараған түні шыққан.
"Не болғанын болжауға ғана болады, өйткені мән-жәйды көргендер жоқ. Келесі күні қайықты жергілікті орманшылар тауып алды", деді құтқару қызметінен. Қайық сенімсіз, екі орындықты екен, сол аударылған болу керек.
"Балықшылар балықты аумен ауласа, олар бірдеңеге ілігіп те қалуы ықтимал еді. Кез-келген абайсыз қимыл олардың өліміне әкеп соғуы мүмкін болатын", деді агенттікпен әңгімелесуші.