ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы арқылы екі шақырымдық көпір салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы арқылы екі шақырымдық көпір салынады

ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы арқылы екі шақырымдық көпір салынады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Кореяның «POSKO e&c» және TEC Simecheon компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді. 

  • 4 Қараша 2014
  • 537
Фото - Caravan.kz


Кездесу барысында Өскеменде 300 орынға арналған көп салалы аурухана мен Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы талқыланды.

«Ұзындығы 2 шақырым болатын көпір құрылысы үшін құжаттар толық дайын. Енді тезірек іске кірісу керек. Ауруханаға келсек, қазіргі кезде барлық мәселелер ҚР Денсаулық және әлеуметтік дамыту министрлігімен бірлесе талқыланып жатыр», — деді Б.Сапарбаев.
POSCO e&c ТМД елдері бойынша өкілі Хон Дан Кван облыс әкіміне көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Аймақта жаңа көпір мен заманауи клиниканың салынуы үшін бар күшімізді саламыз», — деп сендірді Хон Дан Кван.

«TEC Simecheon» инвестициялық компаниясының өкілі Хер Нам Чер де қазақстандық тараппен бірлесіп қызмет етуге дайын екенін білдірді.
«POSCO e&c» өндірістің түрлі салаларында, соның ішінде болат құю өндірісінде жұмыс істейтін әлемдегі ең табысты 40 құрылыс-өндірістік компаниялардың тізіміне кіреді.