43 метр биіктіктен секіріп жүрген астаналықтар бар (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
43 метр биіктіктен секіріп жүрген астаналықтар бар (ВИДЕО)

43 метр биіктіктен секіріп жүрген астаналықтар бар (ВИДЕО)

Әр демалыс сайын «FLY Rope Jumping Астана» шарасын ұйымдастырушылар құрылысы аяқталмаған астық қоймасының шатырынан (43 метр) секіруді ұйымдастырып келеді. Бұл жолы «ҚазАқпарат» тілшісі «қалықтаушылардың» әрекеттеріне куә болып қайтты. 

  • 4 Қараша 2014
  • 310
Фото - Caravan.kz

Басын тігіп, биіктен «құлағысы» келгендер әуелі 4000 теңге төлеуі шарт. «Ал, қауіпсіздік шаралары ескерілген бұл секіру түрінің адам денсаулығына зияны жоқ», дейді ұйымдастырушылар. Алайда, олар арнайы сұхбат беруден бас тартып, одан да тілшілердің өздері куә болуы керектігін айтты.

Жәй ғана куә болғысы келген адам да ғимарат шатырына көтерілуі үшін денсаулығының жақсы екенін растайтын құжаттарға қол қоюы керек. Өкініштісі, түсіруші-операторымыз шатырдан секіруге батпады.

Ұйымдастырушылар арқанның мықтылығын айтып, онымен көлік те сүйреуге болатынын жеткізді.


«Қалқыған кезде адамның ішкі органдарына зақым келмейді. Бірақ, секіру траекториясын сақтаған жөн», дейді секірушілер.

Қазақстанда спорттың осындай түрі тіркелмеген, бірақ оған тыйым да салынбаған. Ол сайыс түрінде өткізілмейді, өйткені спорттың осындай экстремалды түрінде бәсекелестер болмайды.