Сараптама барысында сол мемлекеттердің қоғамдағы орны мен халқының әл-ауқаты басшылыққа алынады. Бұрынғы Кеңес одағының құрамына кірген елдер ішінде Литва мен Латвия көш бастап тұр. ТМД бойынша Беларусьтің көрсеткіші жақсы, ол 53-ші орында. Ал Ресей 68-ші сатыда. Бұған дейін «бостандық сүйгіш ел» атанған АҚШ, Уругвай мен Коста-Рикадан кейін тұр. Жалпы, өмір сүруге қолайлы үздік бестікке Норвегия, Швейцария, Жаңа Зеландия, Дания және Канада кірген.