Ливия астанасында Мысыр және БАӘ елшіліктерінің маңында екі жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливия астанасында Мысыр және БАӘ елшіліктерінің маңында екі жарылыс болды

Ливия астанасында Мысыр және БАӘ елшіліктерінің маңында екі жарылыс болды

Бейсенбі күні Мысыр және Біріккен Араб Әмірлігі елшіліктерінің маңында екі автокөлік жарылды. Бомбалар Триполидегі қауіпсіздіктің нашарлауына байланысты бірнеше ай бұрын жабылған елшіліктерден бірнеше минуттық жерде жарылған. 

  • 14 Қараша 2014
  • 316
Фото - Caravan.kz


Салдарынан БАӘ дипломатиялық мекемесінің 3 күзетшісі және Мысыр елшілігінің 2 қауіпсіздік қызметкері жараланғаны туралы хабарланды. 

БАӘ СІМ Триполидегі лаңкестік жағдайды сынады. 

«Халықаралық қауымдастықтың сынына ұшыраған бұл қылмыстық, лаңкестік әрекеттерді жоюдың ұжымдық, жедел шараларын қолға алу қажет», — деді БАӘ сыртқы істер министрі шейх Абдулла бин Зайед әл Нахайян.

Әмірлік дипломаты шабуылға «Фаджр Ливия» және «Ансар әл Шариат» исламшыл құрылымдарын кінәлады. Жарылыстар исламшылардың Мысырдағы Синай түбегінде бақылау-өткізу бекетін құрып, бес полицейді өлтірген күнімен тұспа-тұс келеді. Сонымен қатар лаңкестер Мысырдың әскери-теңіз кемесіне Жерорта теңізінде шабуыл жасаған. Ондағы 8 әскери қызметкер із-түзсіз жоғалғандар санатында. Исламшылар бейсенбі күні Каир метросында жарылыс ұйымдастырды деп те айыпталуда. Ондағы жарылыс салдарынан 16 адам жарақаттанды. 

Қазіргі уақытта исламшыл жауынгерлер Ливия астанасын және ауқымы жағынан елде екінші орын алатын Бенгази қаласын өз бақылауында ұстап отыр. Олар БАӘ мен Мысырды қарсыластарына қаржылай және әскери қолдау көрсетіп жатыр деп кінәлауда.