3 жылдa «Болашақ» бағдарламасының 3,5 мың техникалық маманы Қазақстанның еңбек нарығын толықтырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 жылдa «Болашақ» бағдарламасының 3,5 мың техникалық маманы Қазақстанның еңбек нарығын толықтырмақ

3 жылдa «Болашақ» бағдарламасының 3,5 мың техникалық маманы Қазақстанның еңбек нарығын толықтырмақ

3 жылдан соң «Болашақ» бағдарламасының 3,5 мың техникалық маманы Қазақстанның еңбек нарығын толықтырмақ. Бұл туралы Астанадағы бiлiм мәселелерiне арналған BARCEF-2014 форумында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентi Ғани Нығыметов мәлiм еттi.

  • 14 Қараша 2014
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Болашақ» бағдарламасы іске асырылған 21 жылда 10 902 стипендия тағайындалды. «Болашақ» стипендиаттары әлемнің 30-ға жуық елінде үздік университеттерде білім алуда. Былтырғы форумда Мемлекет басшысы он мыңыншы стипендиатқа сертификатты өз қолымен табыстады. Оның 7 мыңы қазiргi уақытта оқуларын тәмамдап, ел игiлiгiне қызмет етуде. Олардың 40 пайызы — инженер-техник», — дедi ол.

Оның айтуынша, техникалық мамандарға назар аударудың себебi сол — олар ҮИИДБ және «Нұрлы жол» бағдарламаларын iске асыратын негiзгi адами капитал болмақ.

«Қазiргi уақытта шетелде 2,5 мың стипендиат бiлiм алуда. Олардың 1 мыңы техникалық мамандықтар бойынша. Жоспарлап отырғанымыздай, алдағы 3 жылда тағы 3,5 мың техникалық маманы Қазақстанның еңбек нарығын толықтырады», — деп атап өттi Ғ.Нығыметов.

Форум жұмысына ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов, ҚР Сыртқы iстер вице-министрi Ержан Ашықбаев, «Назарбаев Университеті» АҚ президентi Шигео Катсу қатысты.


Сонымен бiрге алғаш рет «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің BARCEF-2014 форумына «Болашақ» стипендиаттары оқитын шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері келді.