Қырғызстандағы жер сілкінісінің жаңғырығы бірнеше апта бойы сезілуі мүмкін – сейсмолог - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандағы жер сілкінісінің жаңғырығы бірнеше апта бойы сезілуі мүмкін – сейсмолог

Қырғызстандағы жер сілкінісінің жаңғырығы бірнеше апта бойы сезілуі мүмкін – сейсмолог

 Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісінен кейінгі афтершоктар тағы бірнеше апта бойы сезілуі мүмкін.

  • 14 Қараша 2014
  • 415
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы еліміздің Сейсмология институты директоры Таңатқан Абақанов мәлім етті.
«Бүгін таңертең Қырғызстанда болған зілзала жаңғырығы тіркеліп жатыр және ол бірнеше апта бойы қайталануы мүмкін», — деді Т.Абақанов жұма күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Институт директорының айтуынша, зілзаладан кейінгі қайталама дүмпулер қалыпты құбылыс. 2011 жылы Жапонияның Фукусима префектурасында болған жер сілкінісінің жаңғырығы «енді ғана басыла бастады», дейді маман.
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қырғызстанда жарты сағаттық үзіліспен екі рет жер сілкінді. Алғашқы тербелістің күші 6 балды, екінші дүмпу 4,2 балды құрады. Алматы тұрғындары да 3-4 балдық тербелісті сезінді.
Ешкім зардап шеккен жоқ.