Бейсенбі күні Павлодарда автовокзал ауданында полицейлер Екібастұз ауданының тұрғынын ұстады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.
Ұсталған әйел Павлодарға жұмыс іздеп келгенін, материалдық қиындыққа байланысты баласын ер кісіге қалдырып кеткенін айтқан.
Қазір салғырт анадан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.
Бұрын хабарланғандай, бірнеше күн бұрын жергілікті тұрғын полиция бөліміне кішкентай қызды алып келген. Ол баланың анасымен телефон арқылы танысқанын және кездесуге шақырғанын айтқан. Кездесуге әйел қызымен келген де, баланы ұстай тұруды өтініп, өзі қашып кеткен.