Атырауда облыстың бұрынғы әкімі құрған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда облыстың бұрынғы әкімі құрған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Атырауда облыстың бұрынғы әкімі құрған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Жұма күні Атырау облысының қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған аудан аралық сотында бұрынғы әкім Бергей Ырысқалиевтің қылмыстық тобына кірген шенеуніктер мен кәсіпкерлерге жаза тағайындау процесі басталды.

  • 14 Қараша 2014
  • 566
Фото - Caravan.kz


Сот шешімі бойынша, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукенов 15 жылға, бұрынғы орынбасарлардың бірі Асқар Әбдіров 12 жылға, Атырау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Керімов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 
Аталған іс бойынша қылмыстық ұйымның 22 мүшесі қамалған. Б.Рысқалив, оның інісі Аманжан Рысқали мен экс-әкімнің 9 сыбайласына халықаралық іздеу жарияланған. Бұларға қатысты қылмыстық іс материалдары жеке өндіріске берілді.
Тергеу материалдарына қарағанда, аталған қылмыстық топ мемлекетке 71 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Бүгінгі күні оның 23,6 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды.