Алдымен мәртебелі мейман Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Жалпы, Астананың Монакодан үйренері көп. Себебі Оңтүстік Еуропада орналасқан әлемдегі шағын мемлекеттің дамуы Қазақстанды таңқалдырып отыр. Сондықтан оның энергетика, туризм, банк ісі секілді саладағы жетістігін қайталағысы келеді. Осындай емен-жарқын әңгімеден соң мемлекет басшысы, Екінші Альберді Тұңғыш президент атындағы кітапханаға ертіп апарды. Бұл күні Князь де, Нұрсұлтан Назарбаев та ешкімнің көңілін қалдырған жоқ. Кітапхана қызметкерлерінің барлығымен суретке түсті.