Бергей Рысқалиевтің сыбайластары ұзақ мерзімге сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бергей Рысқалиевтің сыбайластары ұзақ мерзімге сотталды

Бергей Рысқалиевтің сыбайластары ұзақ мерзімге сотталды

Сыбайластар ісіне қойылған соңғы нүкте! Бүгін Атырау соты облыстың бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиевтың сыбайластарына үкім кесті.

  • 15 Қараша 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz

Кезінде сол Рысқалиевтың болған Болат Дәукенов енді 15, тағы бір орынбасар Асқар Әбдіров 12 жылын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс. Жаза кесілгендер арасында қала әкімі мен бірнеше басқарманың басшылары, кәсіпкерлерге дейін бар. Жалпы саны 22 адам. Бүгін соның сегізінің қолына сот залына кісен салынып отыр. Ал аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған осы топтың жетекшісі Бергей мен інісі Аманжан Рысқалиевтер халықаралық іздеуде жүр.

-2 жылдан аса жүріп жатқан атышулы іске бүгін Атыраудың ауданаралық сотында нүкте қойылды. Үкімді тыңдауға келген адамдарды айтпағанда, сот алдында жауап беріп жатқандардың өзі 22 адам. 50 адамға шақталған залда ине шаншар орын жоқ. Сыймағандары — судьяны келесі бөлмеге монитор қойып тыңдауға тура келді. Ал үкім тіпті үзіліссіз ұзақ оқылды. Өйткені, Бергей Рысқалиев сыбайластарының істеген қылмыстарын  тізіп шығу үшін мың жарым бет қағаз кеткен.

Таңғы 9-ға белгіленген сот процесі бір сағатқа кешігіп басталды.  Айыпталушылардың көпшілігі өздерін салқын қанды ұстауға тырысса да жүздерінен қобалжу байқалып-ақ тұр. Оларды қолдауға келген жақын-жуықтарының да дегбірі қашқан. Судья көп күттірген жоқ. Бірден үкімді оқыды:

-Дәукенов 15 жылын қатаң тәртіптегі колонияда өткізсін. Және бар дүние мүлкі тәріленіп, 7 жылға дейін мемлекеттік қызметке қайтып келу құқынан айырылсын. Асқар Әбдірев те кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылсын. Оның да бар дүние-мүлкі тәркіленсін.

Ал, Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Бірақ, оның 2 жылдан астам уақыт қамақта отырғанын есепке алсақ, ол жуықта бостандыққа шықпақ. Оны естіген жақын-жуықтарының қуанышы ерекше.


8 ай бойы тергеліп, 11 ай бойы жүрген сот процесі нәтижесінде бүгін 15 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олардың 8-і сот залынан қамауға алынды. Ал 3 адам сот залынан босап шықты . Солардың бірі — абақтыда аштық жариялап, кейін үйқамаққа шығарылған «Ақтөбехаусконтракшн» компаниясының бас есепшісі Гүлмира Әзбергенова. Сот оған тағылған айыптар дәйексіз деп, ақтап шығарды. Және айыпталушылар қатарындағы және 3 әйел балалары 14 жасқа толмағандықтан  жазаларын кейін өтейтін болды.Атышулы іске 2 мемлекттік айыптаушы мен 24 қорғаушы қатысты. Сондай-ақ, процесс кезінде 70-тен астам сараптама жасалып,  800-ге жуық адамнан жауап алған. Жалпы, Бергей Рысқалиевтің сыбайластарына қатысты бұл қылмыстық іс 777 томды құрады. Ал басты айыпталушы Бергей мен оның інісі Аманжан Рысқалидан әлі еш хабар жоқ. Оларға тағы 11 сыбайласымен қоса халықаралық іздеу жарияланған. Бұл қылмыстық топ Бергейдің билікте болған 6 жылында қазынаны қанаумен айналысып, мемлекетке 71 миллиард теңге шығын келтірген.