14 жастағы итальяндық музыкант «Сенің алғашқы үлкен махаббатың» атты өз әнін орындады.
Екінші орынға 147 баллмен Болгария триосы ие болды, ал үшінші орынды болгарлықтарға бір балл есе жіберген Армениядан Бетта жеңіп алды.
Биылғы «Еуровидениеге» барлығы 16 мемлекет өкілдері қатысты. Франция мен Ұлыбритания оған қатысқан жоқ. Оның есесіне Еуропаның Беларусьтен Балқан түбегіне дейінгі барлық елдерінің өкілдері болды. Ресейлік үкілеп қосқан Алиса Кожикина бесінші орынды қанағат тұтты.
Балалар «Еуровидениесі» 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Бірақ та ересектер конкурсына қарағанда әбігерлік жоқ. Ұйымдастырушылар қатысушылардың мазасыздануына жол бермеу үшін конкурсқа қатысушылар санын шектеп отырады (18 елден көп емес), жас музыканттарға экскурсиялар ұйымдастырады.